01.11.2020 «Qaragandy Marathon 2020»: Қостанайдан кімдер қатысты

15 қазаннан бастап, «Qaragandy Marathon 2020» онлайн-марафонына қатысқандардың тиісті медалі мен кеудеге тағатын нөмірі таратыла бастаған еді. Осы ретте Қостанай облысынан кімдер қатысып, естелік сыйлықтарын алғандарға тоқталып өтсек.

30.10.2020 Жанар Қамалова: Мұндай іс-шаралар адамдарды біріктіреді

Алматы қаласының тұрғыны Жанар Қамалова 10 қазанда өткен «Qaragandy Marathon 2020» халықаралық онлайн-марафонда 21 шақырымға жүгіріп, 144 адамның ішінен 22-орынға тұрақтады.

28.10.2020 Алматыдан қатысқандарды марапаттау басталып кетті

Осы күні «Qaragandy Marathon 2020» қатысушыларына уәде етілген медаль мен бастапқы нөмір (кеудеге тағатыннөмір) еліміздің барлық қалаларында таратылып жатыр. Жақында Алматы қаласына да жеткілікті.

26.10.2020 Ауылдан шыққан чемпион

10 қазанда өткен «Qaragandy Marathon 2020» онлайн-марафонына қатысып қоймай, 5 шақырымға жүгіріп ең үздік нәтиже көрсеткен – қарағандылық Айтуар Асқар болатын.

22.10.2020 Медаль табыстау – Көкшетау, Ақтөбе,Алматы қалаларында жалғасын тапты

10 қазанда онлайн өткен халықаралық марафонға қатысушыларды марапаттау жалғасып жатыр. Қазіргі кезде Көкшетау, Ақтөбе, Алматы қалаларынан қатысқандарға таратылып жатыр.

20.10.2020 Медаль табыстау Петропавлға да жетті

Медаль табыстау Петропавлға да жетті Бүгін Петропавл қаласында«Qaragandy Marathon 2020» онлайн-марафонының қатысушыларын марапаттау басталды.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
«QARAGANDY MARATHON 2020» онлайн марафоны қалай өтеді?

COVID-19 коронавирус инфекциясына байланысты  «Qaragandy Marathon 2020» қашықтан өткізіледі. Күні мен уақыты: 2020 жылдың 10 қазаны, сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін. Бұл әлемнің кез келген жерінен қатысатындар үшін ортақ уақыт аралығы. «Qaragandy Marathon 2020» марафонына тіркелу qaragandy-marathon.kz сайтында жүргізіледі. Сізге міндетті түрде байланыс деректерін көрсету, қашықтықтардың бірін таңдау және тіркеу жарнасын төлеу қажет.

Қатысушы жүгіріп болған соң, өзінің нәтижесін qaragandy-marathon.kz сайтына жүктеу керек. Жіберілген нәтижелерге байланысты әрбір қашықтық бойынша қорытынды хаттама әзірленеді. Содан кейін уақыт көрсеткіштеріне байланысты алған орындары анықталады.

Таңдаған қашықтық бойынша қашан және қай уақытта жүгіруге болады?

10 қазан күні сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін әрбір қатысушы өзіне қолайлы және белгіленген уақыт аралығында адамдар аз жиналатын жерде жүгіру қажет. Маршруттан өту кезінде санитарлық гигиена және қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Жүгірген кезде 3 адамнан артық адам жиналмау міндетті. Сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты және өңірлік санитарлық дәрігерлердің талаптарын сақтау қажет.

Жүгірудің нәтижесін қалай алуға болады және нәтижені қандай форматта жіберу қажет?

Нәтижені сайтқа жүктеу үшін жүгіру кезінде смартфонда жүгіруге арналған кез-келген қосымшаны немесе фитнес-трекер функциясы бар сағатты пайдалану керек. Сіз кез-келген танымал қосымшаларды пайдалана аласыз, соның ішінде:

-Runtastic

-Runkeeper

-Strava

-Nike

-Garmin

-Adidas.

Сіз кез-келген өзіңізге ыңғайлы қосымшаны немесе фитнес білезікті (сағатты) пайдалана аласыз. Нәтижені бізге жіберу үшін скриншот (экраннан суретке түсіріп) түсіріп, нәтижені сурет форматында жүктеу қажет болады.

Қатысушы пакетін, оның ішінде финишерге берілетін медальді қалай алуға болады?

Онлайн марафон аяқталған соң, әрбір қатысушы qaragandy-marathon.kz сайтынан жүгіріп өткен қашықтығы және нәтижесі бойынша электрондық сертификатын жүктеп алады. Қатысуға берілетін пакетті (ішінде финишердің медалі мен кеудеге тағатын нөмірі бар) пошта арқылы арнайы аудан орталықтарына жібереміз.

Еліміздегі облыс орталықтарықтары мен республикалық деңгейдегі қалалар: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Түркестан, Орал, Өскемен, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент.

Қазақстан Респубикасында тұратын қатысушы шамамен бір аптада қол жеткізе алады. Алыс және жақын шетелдегі қатысушыға бір ай көлемінде жеткізіледі. Алу мерзімі елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Отбасылық жүгіруге қатысушылар үшін бір қатысушы пакеті (бір сертификат, бір медаль, бір кеудеге тағатын нөмір) беріледі.

Тіркеу кезінде нақты мекенжайды көрсету не үшін қажет?

Ішінде кеудеге тағатын нөмір мен медалі бар қатысушы пакетін жіберу үшін нақты мекенжай қажет.

Марафон туралыКөбірек
білу

«QARAGANDY MARATHON 2020» халықаралық марафонына тіркеу басталды

Алдағы 10 қазанда онлайн түрде халықаралық «QARAGANDY MARATHON 2020» марафоны өтпек.

«QARAGANDY MARATHON 2020»  халықаралық марафоны әр түрлі елдің жүгіруді жақсы көретін энтузиастеріне тамаша мүмкіндік сыйлағалы отыр. 
Өйткені коронавирус пандемиясына байланысты марафонға қызығатындардың бәрі бірдей осы күні бір трассада бастары қосылмай жүр.

«QARAGANDY MARATHON 2020» марафоны 2020 жылдың 10 қазанында қашықтан өткізіледі. Әрбір қатысушы өз қаласында (бәлкім өзге мемлекет немесе аудан да болуы мүмкін) қолайлы жерде көпшілік аз жиналатын жерде жүгіре алады.

Жарыс бағдарламасына 5 қашықтық енгізілген. Яғни 5 шақырымнан классикалық 42 шақырым 195 метрлік марафонға дейін бар. «QARAGANDY MARATHON 2020» марафонын өткізуге және қатысушыларды тіркеуге қатысты барлық сұрақтар біздің сайтта жарияланған. Онда жарыс ережесі егжей-тегжейлі көрсетілген. Біз әрбір қатысушының жүгіріп өтіп бара жатып жеке гигиена және қауіпсіздік ережелерін сақтауын, сонымен қатар айналасындағылардың денсаулығына сақтықпен қарау керек екендігіне ерекше назар аударамыз.

«QARAGANDY MARATHON 2020» марафоны ұйымдастыру жұмысына Қарағанды облысының жеңіл атлетика федерациясы басшылық етеді.

Айта кетейік, 2017 жылдың мамыр айынан бері Қарағандыда «Armanǵa jol» атты жартылай марафон өткізіліп келеді. Былтырғы жылы үшінші рет ұйымдастырылды. Сол жылы қыркүйек айында «Kúzdik Jarty Marathon» күзгі жартылай марафон өткізілді.

Ұйымдастырушылар «QARAGANDY MARATHON 2020» қашықтан өткізілетініне қарамастан, бұл нағыз спорт пен көтеріңкі көңіл-күй мерекесіне айналады деп отыр.

Мен жүгіре аламын!
Мен жүгіремін!
Сен бізбенсің бе?

Қашықтық
Ұйымдастырушылар
Бас демеуші
Ресми демеушілер
Ақпараттық серіктес
Серіктестер